Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Sincere Systems Group" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құрып, басқарған күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Агенттіктің хабарлауынша, аталған қаржы схемасы өзін шетелдік инвестициялық компания ретінде көрсетіп, азаматтарға медициналық каннабис өсіру, «инновациялық жобалар» және жоғары табыс уәде етілген инвестициялар арқылы алдаған.
Сенімді арттыру мақсатында жеке кабинеттері бар сайт іске қосылып, салымшылар SWP және SWCT токендері арқылы өз шоттарын толтырған. Алайда, шын мәнінде, салымшылардың қаражаты күдіктілердің жеке қажетіне жұмсалған.
Келтірілген залал сомасы – 52 миллион теңгеденасты.
Астана мен Теміртауда жалпы құны 76 млн теңгеге жуық жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.
Күдіктілер үй қамаққа алындыжәне елден шықпау туралы қолхатпеншектелді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.