Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды қаласында учаскелік полиция пунктінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 30 қыркүйек күні кешке орын алған. Белгілі болғандай әйелдің денесі бір бөлмеден, ал полицей екінші бөлмеден табылған. Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның комада жатқанын және жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын хабарлады.
Әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар қызметтік тексеріс тағайындалды.