Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағандыда қос бала қарияны өрттен құтқарып қалды
Жаңалықтар

Қарағандыда қос бала қарияны өрттен құтқарып қалды

26.01.2023
1 мин
0
903

23 қаңтарда сағат 16:38-де Қарағанды қаласы Жеңіс көшесінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ТЖМ-ге сілтеме жасап.

6 шаршы метр аумақта тұрғын үйге жалғанған қазандықтың жиһазы, тұрмыстық техникасы, ішкі ағаш қаптамалары, төбесі жанған. Өртті өрт сөндірушілер сөндірді.

Өрт кезінде қарды тазалауға көрші үйде тұратын 15 жастағы Ерасыл мен 14 жастағы Қанат көмектескен. Олар көршілерінің үйінен түтін шығып жатқанын көріп құтқарушыларға хабарласады. Жігіттер еш ойланбастан көмекке ұмтылады және түтін ішінде қалған қарияны құтқарды.

Көп ұзамай Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев егде жастағы көршілерін өрттен құтқарған қарағандылық оқушыларға, ағайынды Ерасыл мен Қанат Смағұловтарға алғыс хат жолдады. Жеткіншектердің арқасында өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Олар қаладағы №12 мектепте білім алады.

«Сендерге адам өмірін құтқаруға қадам басқан ержүрек батырлықтарың үшін зор алғысымды білдіремін. Өз өмірлеріңе қауіп төніп тұрса да, тәуекелге бел буып, нағыз ерлік жасап, үлкен қайғының алдын алдыңдар. Мұндай әрекетке барудың өзі үлкен жүректілік пен батылдықты, қайсарлықты талап етеді. Жасаған қадамдарың рухы берік, нағыз батырдың әрекеті деп білемін.Сендер болашақта ата-бабамыздан мирас болып қалған еліміздің кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғайтын, халықтың мақтанышына айналатын нағыз патриот азамат болып шығатындарыңа сенімім мол.Болашақтарың жарқын болсын!», – деді министр жолдаған алғыс хатында.

 

Фото: Adyrna.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл