Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағандылық оқушылар жүрек ауруларын емдейтін құрылғы шығарды
Жаңалықтар

Қарағандылық оқушылар жүрек ауруларын емдейтін құрылғы шығарды

27.03.2023
1 мин
0
912

Қарағандылық Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков жүрек ауруымен ауыратын адамдарға арнайы құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқушылардың сөзінше, аталмыш құрылғы тері астына имплантацияланып, электродтар қан тамырлары арқылы жүрекке орнатылады. Нәтижесінде, ол аурудың түрін бірден анықтай отырып, арнайы электрлік импульстарды жібереді. Ол жүрек бұлшықеттеріне әсер етеді. Яғни, олардың жұмысын тежеуге немесе тездетуге көмектеседі. Бұл тахикардия, брадикардия және қарыншалар фибрилляция сынды дерттерді емдеуге көмектеседі.

Айта кетейік, жобаны оқушылар Назарбаев зияткерлік мектептерінің Наурыз кездесулерінде таныстырған. Онда оқушылардың жұмысы «Ақылды» протездер мен олардың элементтерін жасау» санатында үздік деп танылды. Одан бөлек, Астана қаласындағы байқауда «Имплантталатын кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі» жобасы I орын алып,  сәтті қорғағаны үшін Алдияр Нақып Қазақстан-Британ техникалық университетінің грантын иеленді.

Фото: inform.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл