Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Қарызсыз қоғам” жобасы жаңа кезеңге өтеді
Қаржылық сауат

“Қарызсыз қоғам” жобасы жаңа кезеңге өтеді

29.01.2025
1 мин
0
110

Бүгін "Қарызсыз қоғам" партиялық жобасының дамуы талқыланды. Халықтың сұранысына ие болған бұл бастама бүгінде жалпыұлттық жобаға айналып, Мемлекет басшысының қолдауына ие болды. Президент өз Жолдауында жобаның ауқымын кеңейту туралы тапсырма берген болатын, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоба аясында 840 мыңнан астам адам арнайы оқудан өтіп, 70 мыңнан астам азаматқа заңгерлік көмек көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сандардың артында қарыз ауыртпалығын арқалаған мыңдаған адамның тағдыры тұр. Осыған байланысты жоба жаңа кезеңге өтіп, алдағы уақытта ауқымын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Үш негізгі бағыт белгіленді

Біріншіден, елімізде 90 күннен аса өтелмеген несиесі бар 1,5 миллион азамат бар. Жоба аясында бұл азаматтарға заңдық кеңес беріліп, олардың мәселелерін шешуге көмектесу көзделіп отыр.

Екіншіден, бұған дейін азаматтар заңгерлік көмек алу үшін арнайы оқудан өтуі қажет болатын. Енді онлайн форматта реструктуризация мен банкроттыққа қатысты заңнамалық кеңес беру жүйесі іске қосылады.

Үшіншіден, көптеген азаматтар заңгердің көмегіне жүгінген кезде арыз жазу сияқты қарапайым құқықтық рәсімдерді білмей жатады. Осыған орай тегін call-орталық іске қосылады. Сонымен қатар, барлық қажетті ақпарат жинақталған qogamfin.kz порталы ашылды.

Жобаны Дәулет Мұқаев басқарады

Жаңа кезеңнің басталуымен "Қарызсыз қоғам" жобасының жетекшісі болып Дәулет Мұқаев тағайындалды. Ол – халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бастамаларымен танымал сарапшы. Сонымен қатар, жобаның тиімді жүзеге асуы үшін үлкен кәсіби команда жұмыс істейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа өзгерістер жобаның тиімділігін арттырып, несиелік қиындықтарға тап болған азаматтарға көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл