Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарызы 122 520 теңгеден асатын борышкерлер елден шыға алмауы мүмкін
Жаңалықтар

Қарызы 122 520 теңгеден асатын борышкерлер елден шыға алмауы мүмкін

29.06.2022
1 мин
0
2331

Мемлекет алдындағы қарызы 122 520 теңгеден асатын борышкерлерге Қазақстаннан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Себебі борышкерлердің мемлекет алдындағы берешегі 24 миллиард 300 миллион теңгеден асып кеткен.

919 мың қазақстандық салық төлемеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, азаматтар мүлік, жер және көлік құралдары үшін салық өтемепті. Көлік салығы бойынша қарыз сомасы 22 миллиард 800 миллион теңге. Тек Алматының өзінде 88 мың азамат салық міндеттемесінен жалтарып жүр. Берешек көлемі 5,2 миллиард теңге. Ал Алматы облысындағы 132 мың борышкердің қарызы 3,9 миллиард теңге.

Нұр-Сұлтан, Шымкентте 76 мың азамат міндетті төлемін жүргізбеген. Тиісінше астаналықтардың берешегі 2,6 миллиард, ал шымкенттіктердің қарызы 1,9 миллиард теңге болыпты. Комитет өкілдері, жеке тұлғалардың автокөліктері үшін салық төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталғанын айтты.

Ал 17 мамырдан бастап берешекті өндіріп алу туралы бұйрықтар жолданған екен. Егер борышкер бес күн ішінде қарызын өтеп үлгермесе, іс жеке сот орындаушыларына өтеді. Сөйтіп олар, қарызы бар адамдардың шоттарын бұғаттап, мүлікке тыйым салады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл