Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі “UILI BOLAYIK” (Үйлі болайық) деп аталатын қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аталған қаржы пирамидасы азаматтарға әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы арқылы жылжымайтын мүлікті пайызсыз бөліп төлеумен сатып алуға болатынын айтып, алдап келген.
Ұйым қатысушыларға салған қаражаттары үшін ай сайын 15–30% көлемінде пайда және әрбір жаңа тартылған адам үшін 10% бонус берілетінін уәде еткен. Алаяқтар азаматтардың ақшасын екінші деңгейлі банктердегі өздерінің жеке шоттарына аудартып отырған. Ал “UILI BOLAYIK қайырымдылық қорының” есепшоттары пайдаланылмаған күйінде қалған.
Жалпы бұл пирамидаға 515 адам тартылып, 50 миллион теңгеден астам қаржы жиналған. Сот шешімімен күдіктінің банктік шоттарына бұғат қойылды.
Оған елден шығуға тыйым салу түріндегі шектеу қойылып, тергеу амалдары жалғасуда.