Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматының “Қайрат” командасы футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазір В тобында алматылықтар 6 ұпаймен көш бастап келеді. Франциялық “Этуаль” хорватиялық “Футзал Динамо” командасын 4:3 есебімен жеңгеннен кейін “Қайраттың” мерзімінен бұрын финалдық кезеңге шыққаны анықталды.
Екі тур қорытындысы бойынша “Этуальда” 3 ұпай, ал “Футзал Динамо” мен “Олмиссумда” 1 ұпайдан ғана бар. Бірінші турда “Қайрат” “Этуальды” 4:2 есебімен жеңгендіктен, алдағы ойындардың нәтижесі команданың жағдайына әсер етпейді. Алматылықтар тобындағы соңғы матчын “Футзал Динамоға” қарсы өткізеді. Чемпиондар лигасының жартылай финалына “Қайратпен” бірге қалған үш топтың жеңімпаздары жолдама алады.