Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
18 тамызда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Азық-түлік қауіпсіздігі екі өлшемге негізделеді:
• Физикалық қолжетімділікке – Ауыл шаруашылығы министрлігі;
• Экономикалық қолжетімділікке – Сауда және интеграция министрлігі жауап береді.
Бұл шаралар АӨК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында және 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы жалпы өнімін екі еселеу жөніндегі Жол картасында айқындалған.
• 2021–2024 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11,3%-ға өсіп, 8,3 трлн теңгеге жетті.
• Өсімдік шаруашылығы – +14% (5 трлн теңге);
• Мал шаруашылығы – +5,6% (3,29 трлн теңге).
• 2025 жылдың І жартыжылдығында өсім 3,7% болды.
• Егіс алқабы 23,6 млн гектарға дейін ұлғайды. Әлеуметтік маңызы бар дақылдардың үлесі артты: майлы дақылдар 4 млн га (+1 млн га), картоп 131 мың га.
Мал шаруашылығы
2025 жылдың І жартыжылдығында:
• ІҚМ – 8,8 млн бас (+8,3%);
• қой-ешкі – 21,5 млн (+0,8%);
• жылқы – 4,6 млн (+4,7%);
• құс – 47,7 млн (+2,7%).
Соның арқасында өндіріс көлемі өсті:
• ет – 529,9 мың тонна (+1,5%);
• құс еті – 187,7 мың тонна (+4,9%);
• сүт – 1,8 млн тонна (+7%);
• жұмыртқа – 2,2 млрд дана (+0,9%).
Өндірістегі серпін
• 2022–2024 жылдары қуаттылығы 144 мың тонна болатын 17 құс фабрикасы іске қосылды. Бұл құс етімен қамтамасыз етуді 67%-дан 79%-ға жеткізді. 2028 жылға дейін тағы 41 кәсіпорын ашылып, импортқа тәуелділік жойылады.
• Сүт өндірісінде 2019 жылғы 19 ферма орнына бүгінде 69 ферма бар, тағы 47-сі салынып жатыр. Барлығы іске қосылғанда сүт өндірісі жылына 600 мың тоннаға өсіп, ірімшік пен сүзбе бойынша толық қамтамасыз етілуге қол жеткізіледі.
Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тежеу шараларын жалғастыруда.
• Жыл басынан бері баға өсімі 8% болды, бірақ ай сайын бәсеңдеуде: сәуірде +1,6%, мамырда +1%, маусымда +0,7%, шілдеде +0,4%, тамыздың алғашқы екі аптасында бар болғаны +0,1%.
• Қазақстандағы 15 негізгі өнім (күнбағыс майы, жұмыртқа, тұз, қарақұмық, күріш, ұн және т.б.) бағасы ЕАЭО елдері арасындағы ең төмен деңгейде тіркелген.
- Қазақстан өзін негізгі азық-түлік өнімдерімен 80–100% қамтамасыз етіп отыр. Ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн – ішкі сұраныс толық жабылады. Импорт құс еті, шұжық, ірімшік, қант және балық бойынша сақталуда,— деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.