Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан тағы 1 миллион 200 мың тест-жүйесін сатып алады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлімдеді.
"Зертханалардың қуаттылығын тәулігіне 35 мың тестке дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл үшін үкімет резерві аясында қажетті жабдық сатып алу көзделген. Сонымен қатар, 1 миллион 200 мың тест жүйесі сатып алынады", - деді Ақтаева онлайн брифингте.
Айтуынша, қазір қазақстандық зертханаларда коронавирусқа тәулігіне 28 мың тест жасалады. Барлығы 56 зертхана жұмыс істейді: санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің 29 зертханасы, 13 – жекеменшік медициналық зертхана және 14-і – медициналық ұйымдардың зертханасы.
"Зертханаларда тест-жүйелері жеткілікті. Қазіргі таңда 501 мыңнан аса тест қалып отыр, оның 300 мыңнан астамы – мемлекеттік зертханаларда. Ол әлі он сегіз күнге жетеді", - деді ол.
Ақтаева кімдер коронавирусқа тест тапсыруы керек екенін тағы бір мәрте еске салды.
Олар:
Тестілеуден өтіп-өтпеуді дәрігер немесе эпидемиолог шешеді.
"ПТР-тестің теріс нәтижесі адамда дәл сол тексерілген сәтте коронавирус жоқ екенін білдіреді. Алайда біз жұмысқа барамыз, адамдармен араласамыз, тиісінше вирус жұқтыру қаупі әрдайым болады", - деп түсіндірді ол.
Ақтаева жұмыс берушілердің қол астындағы қызметкерлерден тестілеуден өтуді талап етуі негізсіз екенін айтты.