| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм мен көлік байланысын нығайтуға бағытталған жаңа жобалар іске қосылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы аясында хабарланды.
1 желтоқсаннан бастап SCAT әуекомпаниясы Түркістаннан Бұхара, Үргеніш (Хиуа) және Самарқандқа аптасына үш рет тұрақты рейстер ұшырмақ.
Билеттердің бағасы бір бағытқа шамамен 40 мың теңге, алғашқы кезеңде рейстер субсидияланады.
Сонымен қатар, екі ел Жібек жолы бойынша ортақ туристік маршрут әзірледі. Бағдарламаға Алматы, Шымкент, Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа кірген. Маршрут тарихи және мәдени мұраларды, табиғи көрікті жерлерді қамтиды.
Алғашқы тур Самарқандқа kompastour компаниясы арқылы іске қосылды, ал жаңа турларды ұйымдастыру бойынша келіссөздер жалғасуда.
2026 жылы екі ел туристік әлеуетін бірлесіп насихаттау жоспарлануда.