Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан соңғы 6 жылда үлкен спортқа 1,4 трлн теңге ($30 млрд) жұмсады және келесі үш жылда 1,3 трлн теңге ($26,8 млрд) жұмсамақ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Антикор мәліметінше, жоғары спортқа құйылған қаржы көлемі бойынша Қазақстан Орталық Азия елдерінің бюджеттерінен және спортта алдыңғы қатарда емес деп саналатын, бірақ алыс шетелдерде спортта танылған елдерден (Канада, Норвегия, Нидерланды) бірнеше есе озып тұр.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан олимпиадалық спорт түрлері бойынша 126 шетелдікке азаматтық берді, олардың жартысы өз елдеріне қайтып кетті.
Антикор еліміздегі жоғары спорт жетістіктері саласын талдай келе, көптеген спорт журналисінің қорытындыларына сәйкес келетін тұжырымға келді:
“Негізгі назар шетелдік спортшыларға азаматтық беру арқылы қол жеткізілетін қысқа мерзімді жетістіктерге аударылады, ал өзіміздің спорттық кадрларды дамытудағы жүйелі жұмыс жеткілікті деңгейде қолдау таппайды” (Спутник).