Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тартады
Жаңалықтар

Қазақстан суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тартады

10.02.2026
мин
0
110
Сурет: aa.com.tr

Жаңа басқару жүйесі суперпрезиденттік үлгіден бас тартады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жариялады. Оның айтуынша, құжатта елдің суперпрезиденттік басқару моделінен бас тартып, өкілеттігі күшейтілген Парламенті бар президенттік республикаға көшу нақты көзделген.

- Негізінен, мемлекетті басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру туралы сөз болып отыр. Жаңа Конституция жобасында "мемлекет адам үшін" деген қағидат нақты әрі айқын сипат алды. Бұл – біз 2019 жылдан бері жүйелі түрде ұстанып келе жатқан бағыт, – деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы бұл өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге және саяси жүйенің ашықтығын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Жаңа Конституцияда «мемлекет адам үшін» қағидаты басты құндылық ретінде айқындалмақ. Президенттің сөзінше, бұл бағыт соңғы жылдары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның тарихи маңызын жоққа шығармайтынын айтты. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің тұрақтылығы мен дамуына негіз болғанын атап өтті. Алайда бүгінгі қоғамның өзгеруі мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа талаптар қойып отырғанын жеткізді.

Президент Қазақстан барлық сын-қатерлерге қарамастан халықаралық аренада беделді әрі қуатты мемлекетке айналғанын айтып, конституциялық реформалар елдің одан әрі дамуына серпін беретінін мәлімдеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл