Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 113 спорт нысаны салынбақ
Жаңалықтар

Қазақстанда 113 спорт нысаны салынбақ

13.12.2023
1 мин
0
353
Фото: ortcom.kz

Алматы облысында олимпиадалық дайындық базасының құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда бір уақытта 23 олимпиадалық спорт түрінен 2,3 мың спортшы қатысуына мүкіндік бар. Бұл нысан жыл бойы жұмыс істейтін болады. Соның арқасында осында ұлттық құрамалар мен облыстық командаларға маңызды старттар алдында толыққанды оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтып берді.

Сонымен қатар Астанада Ұлттық спорт университетінің бой көтермек. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылға қарай аяқталады. Мұндай университеттің болуы толық тәжірибелі кадрлар даярлауға да оң септігін тигізбек. 

«Республика бойынша екі жыл ішінде 113 жаңа спорт нысаны салынады, қолданыстағы 26 кешен қайта жаңартылады. Ол МЖӘ тетігі негіңзінде жүзеге асады. Еліміздің барлық спорттық инфрақұрылымына ауқымды түгендеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша әр өңірде жұмыс істеп тұрған объектілердің талап етілетін стандарттарға сәйкессіздігі анықталды», – деп атап өтті спикер.

Осылайша, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде спорттық инфрақұрылымда, атап айтқанда ауылдық елді мекендерде аса мұқтаж өңірлердің тізімі айқындалмақ. Келер жылдан бастап модульдік үлгідегі тез салынатын, аз шығынды талап ететін 10 спорт нысаны салынады деп жоспарлануда.

«Бүгінде елімізде жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен 7,6 млн адам айналысады, ол ел халқының 38,5% -н құрайды. Бұл көрсеткішті 2029 жылы 50% - ға жеткіземіз. Салауатты өмір салтын насихаттау үшін республика бойынша жыл сайын 1,2 млн адамды қамти отырып, барлық жас санаттарына бағытталған 25 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс шаралар тұрақты негізде өткізіледі, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адам», – деп түйіндеді жауыпты ведомство басшысы.

Брифинг соңында Президенттің тапсырмасына сәйкес өскелең ұрпақтың спорттық әлеуетін дамытуға басымдық берілетіні айтылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл