| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елде ресми түрде 446 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Олардың басым бөлігін дипломы бар азаматтар құрайды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құраған. Қазір ел бойынша 446 мың адам жұмыссыз саналады.
Статистикаға сүйенсек, жұмыссыздардың ішінде 235 мың адамның техникалық және кәсіптік білімі бар. Ал 153,3 мың азамат жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған.
Мектеп аттестатымен ғана жүрген жұмыссыздар саны 53,6 мың адамды құраған.
Осылайша, елдегі жұмыссыздардың шамамен 87 пайызы — белгілі бір дипломы бар мамандар.
Сонымен қатар Қазақстанда жоғары білімді 4,2 миллион адам жұмыспен қамтылған. Дипломды кадрлар ең көп шоғырланған сала — білім беру. Бұл бағытта 819 мыңнан астам адам еңбек етеді.
Сауда және автокөлік жөндеу саласында 622 мың қазақстандық жұмыс істейді. Мемлекеттік басқару мен қорғаныс саласында 348 мың адам еңбек етсе, денсаулық сақтау жүйесінде 312 мың маман қызмет атқарады.