Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысында агроөнеркәсіптік кешенде 20 млрд теңгенің жобасы іске қосылмақ, деп хабарлайды Dauletten.kz өңірлік әкімдікке сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, өңірде 2026 жылға дейін 500 мың басқа арналған қой шаруашылығы салынбақ. Сондай-ақ, қуаттылығы жылына 8 мың тоннаға дейін қой етін өңдейтін зауыт салынады деп жоспарланған.
"Құны 20 млрд теңгені құрайтын ауқымды жоба Ақтоғай және Шет аудандарында жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Санаубаровтың айтуынша, агроөнеркәсіп кешенінде 41,1 млрд теңгенің 36 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда.
Ол 2021 жылдың қорытындысы бойынша өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 6,5%-ке артады деп болжанып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, биылғы жылы үш сүт-тауар фермасын іске қосу және Жаңаарқа ауданында сиыр еті мен жылқы етін өндіретін ірі мал шаруашылығы кешенінің құрылысы жоспарланған.