Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді қазақстандықтар 4% жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы бойынша жаңа автокөлік сатып ала алмайды. Бұл туралы ИИДМ басшысы Марат Қарабаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қаражат қоғамдық көлікті алуға жұмсалады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Біз автобустарды несиелеу бағытын өзгертеміз. Республика бойынша 10 525 автобус бар. Олардың көпшілігі тозған.
Мысалы, Қостанайда қоғамдық көліктің 90% - тен астамы тозған. Ал Орал мен Талдықорғанда 70% ескірген. Күн сайын 9 миллион 300 мың қазақстандық қоғамдық көлікті пайдаланады», - деді министр.
«Ақша әрқашанда шектеулі. Бар ақшаны мүмкіндігінше тиімді пайдалану керек. 4 пайыздық кезінде де жұмыс істеді. Енді алдағы уақытта қоғамдық көлікке жұмсасақ деген ойымыз бар»,- деді Марат Қарабаев.
Еске салсақ, елдегі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы көптеген пікірталастар тудырған болатын. Өтінім берушілер сайттың дұрыс жұмыс істемейтіндігіне шағымданды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегілерге екі-үш көлікке мақұлдану берілгені жөнінде сыбыстар да тараған болатын.