Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда күрделі жөндеуді қажет ететін 59 теміржол вокзалы анықталды. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Осы уақытқа дейін күрделі жөндеуден өтуге тиіс 59 темір жол вокзалын айқындадық. Оның төртеуі – Түркістан, Қызылорда, Шымкент және Павлодардағы теміржол вокзалдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қалғандарына мүлдем қаржы да бөлінбеген, жағдайы да төмен», - деді Марат Қарабаев Сенаттың жалпы отырысында.
Министр аталған вокзалдарды жөндеуге қаржы жыл соңына дейін бөлініп қалуы мүмкін екенін айтты.
«Қазір 59 темір жол вокзалын айқындадық. Барлық әкімдік жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. Жылдың соңында біз бюджеттен қаржы бөлу жағын қарастырсақ па деп отырмыз. Өйткені, «Қазақстан темір жолы» АҚ өз қаржысын вагон, локоматив сатып алуға жұмсап жатыр. Мұнда теміржол вокзалының ғимаратын жөндеуді республикалық бюджеттен, ал теміржол вокзалының ауласын жөндеуді жергілікті бюджеттен қаржыландырамыз деп әкімдіктермен келісіп жатырмыз. Бірақ жобалық-сметалық құжаттаманы әкімдер дайындап жатыр. Теміржол вокзалдарын жаңарту қызмет көрсету сапасының артуына ықпал етеді», - деді ведомство басшысы.