Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29-31 наурыздағы ауа райы болжамын ұсынды.
Болжам бойынша, наурыздың соңғы күндерінде Солтүстік-Батыс циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Осылайша, республиканың барлық аумағында жауын-шашын жауады: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
"Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-28 м/с дейін күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте болса желдің екпіні тіптен 30 м/с дейін және одан да көп болмақ, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын байқалады. Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтіледі: түнде республиканың солтүстік жартысында 6 градус аяз...2 градус жылы, оңтүстік жартысында ауа температурасы 5 градус аяз...5 градус жылыға дейін ауытқиды, күндіз батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа температурасы 10...20 градусқа дейін, солтүстігінде 2...8 градусқа дейін көтерілуі, шығысы мен орталығында 3...11 градусқа дейін күтіледі", - делінген хабарламада.