Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда
Жаңалықтар

Қазақстанда "әлеуметтік әмиян" енгізіледі

21.10.2021
1 мин
0
1618

Премьер-министр Асқар Мамин цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Жиында "әлеуметтік әмиян" жобасы да қаралды, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, "әлеуметтік әмиянға" әлеуметтік төлемдер аударылады. Ал ақша электронды түрде болады. Ондай әмиян азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде ашылады. Осы бастама әзірше пилоттық жоба үлгісінде қолға алынады.

Бүгінде инфрақұрылым да анықталды. Пилоттық жобаны ұлттық банктің жылдам аударымдар жүйесі негізінде сынап көреді."Бұл жоба халықты әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіруге және төлемдерді алушылардың есебіне проактивті түрде аудару мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді министр.

Пилоттық жоба 2021 жылы желтоқсанда басталады. Ал 2022 жылы өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. 2023-2024 жылдары "әлеуметтік әмиян" Ұлттық тауар өткізу жүйесімен біріктіріледі.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл