Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді
Жаңалықтар

Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді

07.07.2022
1 мин
0
1221

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің «Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығы жарияланды.

Құжатта: «Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін.

Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленсін.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағалардан асып кеткен жағдайда ұйғарымдар шығарсын және олар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартсын.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін», делінген.

Бұйрық 2022 жылғы 6 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
272
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл