Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда айыппұл өседі
Жаңалықтар

Қазақстанда айыппұл өседі

23.07.2020
1 мин
0
1638

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи демалыс орындарында қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін өсіруді тапсырды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. 

«Президент табиғатқа зиян келтіргені және осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды, сондай-ақ айыппұл көлемін өсіруді тапсырды», — деді министр.

Алдағы уақытта еліміздегі ұлттық парктер мен демалыс орындарында арнайы тексеріс жүреді. Тәртіп бұзған, ережені сақтамаған жандар болса, айыппұл салынады.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, заңда көрсетілген айыппұл мөлшері аз. Көп адамдарға ол соманы төлей салу әлдеқайда жеңіл. Сол себепті президенттің тапсырмасы аясында айыппұлдың көлемі артады. Министрлік заң жобасын әзірлеп жатыр. Күз мезгілінде құжат парламент қарауына енгізіледі.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл