Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДҚ) жинақ салымдары бойынша кепілдіктің шекті сомасын 20 миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы хабарлады.
Қор тиісті түзетулерге 2021 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қойғанын еске салды.
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" заңға өзгертулер енгізіліп, 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енді.
Жаңа түзетулерге сәйкес, бір банкте жинақ салымы да, әртүрлі түрдегі және валютадағы басқа депозиттері де бар салымшылар үшін Қордың жиынтық кепілдігінің шекті мөлшері де артады. Бұл ретте кепілдіктің ең жоғары жиынтық сомасы да 20 миллион теңгені құрайды.
Қор кепілдіктің максималды мөлшерінің ұлғаюына байланысты салымшылар да, мемлекеттік бюджет те шығыстар жасамайтынын атап өтеді: өтемақы жинақталған негізде құрылған арнайы резерв қаражаты есебінен жүзеге асырылады.