Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда екі медициналық орталық салынады
Жаңалықтар

Қазақстанда екі медициналық орталық салынады

15.07.2020
1 мин
1
1259

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Elbasy.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, кездесу барысында Назарбаев елдегі жағдайға байланысты экономикалық дағдарыс қордың барлық компаниясына әсер еткенін айтты. 

Ахметжан Есімов қордың компаниялар тобы қызметкерлерді қысқартуға жол бермеді, барлық кәсіпорын жұмысын жалғастырып жатыр. Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы отандық денсаулық сақтау жүйесін қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

"Қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде "Самұрық-Қазына" қорының ішкі резервінен ірі мегаполистерде - Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырамын. Бұл медициналық орталықтар ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруға арналады. Бұл қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарын қауіп-қатерден қорғауға мүмкіндік береді. Үкімет пен әкімдер бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты және қазақстандықтарды барлық қажетті қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауға шақырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Аты бар заты жоқ. 15.07.2020
Көреміз.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл