Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі
Жаңалықтар

Қазақстанда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

04.09.2024
1 мин
0
1110

Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылады. Тиісті қаулы жобасы "Ашық заңды тұлғалар" сайтында жарияланды және 17 қыркүйекке дейін талқылау үшін қолжетімді. 

"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасынан 6,5% ұлғайтылсын", – делінген қаулыда. 

Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан ерте емес уақытта күшіне енеді.

Айта кетейік, жаңа жылдан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (57 853 теңгеден 62 771 теңгеге дейін), айлық есептік көрсеткіш немесе АЕК (3 692 теңгеден 3 932 теңгеге дейін), ең төменгі күнкөріс деңгейі (43 407 теңгеден 46 228 теңгеге дейін) болғанын жаздық. Өзгерістер ең төменгі жалақыға әсер етпейді. Ол 85 мың теңге деңгейінде қалады. Бұл 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл