Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда ірі қара мал басының саны қанша
Жаңалықтар

Қазақстанда ірі қара мал басының саны қанша

22.02.2022
1 мин
1
1657

Қазақстанда ірі қара мал басының саны 8 млн-нан асты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

«2021 жылы мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,6 пайызға артып, 3104,5 млрд теңгені құрады. Қабылданған шаралардың арқасында мал мен құс саны тұрақты қарқынмен өсіп келеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 8,2 млн басты құрады, бұл 2020 жылдың деңгейінен 4,3% артық. Қой мен ешкі басы 4% (20,9 млн бас), жылқы басы 10,5% (3,5 млн бас), түйе басы 6,9%-ға (243,4 мың бас) ұлғайды», - делінген министрлік мәліметінде.

Сонымен қатар, шаруашылықтардың барлық санаттарында құс саны 10,6 пайызға, 47 787,4 мың дейін өсті.

Сәйкесінше, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде: ет – 5% және сүт - 3,2% ұлғайып отыр.

«Мал азығымен қамтамасыз ету саласында 2022 жылға 24,2 млн тонна шөп, 1,6 млн тонна пішендеме, 2 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,2 млн тонна құнарлы жем дайындалды. Бұл ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтарында мал басын қысқы кезеңге азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, министрлік облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз етудің жүйелі шараларын пысықтады. Олар 2022-2025 жылдарға арналған жем-шөп өндірісі саласын дамыту жөніндегі Жол картасында көрініс тапты», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
р
рауан 08.12.2024
мал шаруашылығын қалай ашуға болады 0-ден бастап ауылда жер бар бурынғы ферманың орны бар бірақ оны бузып әкетті жайлау бар таудың етегіндегі ауыл егістік егуге болады
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл