Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Ашық аспан астындағы кинотеатрлар маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра жұмыс істейді. Театрлар көрерменге қойылым көрсете алады. Тек көрермен саны 50 проценттен аспауы керек.
Қаулыға сәйкес, кафе мен мейрамханалар ашық және жабық алаңда 30 адамнан 50 адамға дейін қабылдауға рұқсат етілді. Білім беру орталықтары алдын ала жазылу арқылы өз жұмысын жалғастырады және адам саны 15-тен аспауы керек.
Сауда орталықтарындағы қоғамдық тамақтану нысандары 50 орыннан асырмай, жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Ал ойын-сауық орталықтары, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг, аттракциондар мен батуттардың қызметіне әлі рұқсат берілген жоқ.