Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Білім беру ұйымдарында медицина қызметкерлерінің балаларына басым құқық беріледі
Жаңалықтар

Білім беру ұйымдарында медицина қызметкерлерінің балаларына басым құқық беріледі

24.01.2024
1 мин
0
414
Фото: novoyefoto.com

Мәжіліс отырысында депутат Гүлдара Нұрымова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Қаралып отырған Заң жобасы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметпен әзірленген. Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және оның мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізді», - деді ол.

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру тетігі жетілдірілді. Атап айтқанда, мынадай нормалар көзделген:

  •  сақтандыру ұйымдарына сақтандыру жарналарын төлеуді медициналық қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді ұлғайту есебінен денсаулық сақтау субъектілері ғана жүзеге асыратын болады;
  •  медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша пациенттердің өтініштерін қарау тәртібі анықталды. Айталық, тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормалар көзделген, оның қорытындысы сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау үшін ғана қолданылатын болады;
  •  сақтандыру жағдайының басталу фактісі расталған кезде сақтандыру төлемдерінің мөлшері нақтыланды, олардың мөлшері пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру дәрежесіне байланысты болады;

Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту мақсатында:

  •  мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын бөлу кезінде медицина қызметкерлерінің балаларына басым құқық беру;
  •  қызметтік міндеттерін атқару нәтижесінде қаза тапқан немесе мүгедектігі белгіленген медицина қызметкерлерінің балаларына жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру грантын бере отырып, конкурстан тыс қабылдау;
  •  медициналық мамандық бойынша әскери қызмет өткеру құқығын беру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру жөніндегі нормалар көзделген.

«Бұдан басқа, медицина кадрлардын тапшылығын қысқарту үшін ауылға жұмыс істеу үшін келетін медицина қызметкерлеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді жүзеге асыру жөніндегі нормалар қабылданды», - деді ол.

  •  уәкілетті органдардың медициналық көмек көрсету стандарттарын өзгерту, медицина қызметкерлерін даярлау мен қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде одан әрі шаралар қабылдай отырып, сақтандыру жағдайларының басталу фактілеріне талдау жүргізу тәртібі регламенттелген.

«Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында біржолғы 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлей отырып, «Мамандықтың үздігі» атағын беру көзделеді.Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында ерекше еңбегі үшін біржолғы 1000 айлық есептік көрсеткіш төленетін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы көзделген», - деді ол.

Бұдан басқа, заң жобасында:

  •  вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілеу;
  •  әскери медицина қызметкерлерінің қызметін жетілдіру
  •  медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды ұсыныстар ретінде қолдану жөніндегі нормалар көзделген.

«Сонымен қатар, редакциялық сипаттағы түзетулер, нормаларды заң техникасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізілді.Жалпы алғанда, заң жобасында 13 заңнамалық актіге, оның ішінде 4 кодекс пен 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Заң жобасының нормаларын талқылау бойынша жұмыс тобының 35 отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы, 12 жұмыс жиналыстары, 2 дөңгелек үстел өткізілді», - деді Нұрымова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл