Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласындағы кадр тапшылығына байланысты жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, елімізде анестезиолог-реаниматологтар (306), хирургтар (210), офтальмологтар (112), отоларингологтар (83), ангиохирургтер (44), акушер-гинекологтар (253) және неонатологтар (87) жетіспейді.
Астана (702 дәрігер), Алматы (497 дәрігер), Шымкент (234 дәрігер) қалаларында дәрігерлерге сұраныс әсіресе жоғары.
Министрлік өкілінің айтуынша, бұл мәселе қазіргі таңда медициналық университет түлектерінің үштен бірі нақты бағыттар бойынша жұмыс істеуді қаламайтынымен, жеке медициналық ұйымдарға баруды жөн көретіндіктерімен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы мен жергілікті бюджет есебінен кадрларды даярлау арасында үйлестірудің жоқтығы медициналық қызметкерлерді тиімді жоспарлауға кедергі келтіреді.