Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда сақтандыру тәжірибелі жүргізушілер үшін де қымбаттауы мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстанда сақтандыру тәжірибелі жүргізушілер үшін де қымбаттауы мүмкін

21.10.2024
1 мин
0
204
Сурет: kolesa.kz

Қазақстанда сақтандыру тіпті тәжірибелі жүргізушілер үшін де қымбаттауы мүмкін. Тиісті түзетулерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру қызметін жетілдіру үшін, соның ішінде міндетті автосақтандыруда қолданылатын “бонус-малус” жүйесін жақсарту мақсатында нормативтік актілерге түзетулер әзірледі. Негізгі өзгеріс – жүйені 18 класқа дейін кеңейту, мұнда ең төменгісі – М2.

Түсіндірме жазбада айтылғандай, егер сақтандырушының кінәсінен өлім немесе мүгедектік секілді ауыр салдармен жол-көлік оқиғасы болса, оның класы автоматты түрде М2-ге дейін төмендетіледі. Жүйеде тек жол апаттарының жиілігі ғана емес, сонымен қатар шығынның ауырлығы да ескеріледі: ұсақ зақымданулар үшін класс жеңілірек төмендетіледі.

Сондай-ақ, ЖҚЕ бұзушылықтарына байланысты коэффициенттер енгізіледі. Бірнеше ірі бұзушылықтар үшін (мысалы, жылдамдықты асыру немесе мас күйінде көлік жүргізу) сақтанушының класы төмендетіліп, бұл сақтандыру полисінің құнын арттырады.

Аталған өзгерістер жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Құжат “Ашық НҚА” сайтында 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл