Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жақын арада еліміздің жоғары оқу орындарында грантпен білім алғысы келетін шетел азаматтарынан құжат қабылдау басталады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп, хабарлайды Dauletten.kz.
Министрліктің баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстанның жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантурада шетел азаматтарын оқытуға 550 грант бөлініп отыр. Оның ішінде бакалавриатқа 490 грант, магистратураға 50 грант, PhD докторантураға 10 грант берілген. Бағдарлама аясында тегін білім беру мен білім алушының академиялық жетістіктеріне байланысты ай сайынғы стипендия төленеді
Аталмыш бағдарламаға шетел азаматтары, оның ішінде ҚР азаматығы жоқ этникалық қазақтар қатыса алады. Өтініш беру онлайн форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының веб-порталы (веб-сайты) арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттар онлайн форматта 30 наурыздан 30 маусымға дейін министрліктің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының сайтында қабылданады.
Үміткерлерді іріктеу онлайн-тестілеу нәтижелері және онлайн әңгімелесу негізінде жүргізіледі. Стипендиаттар тізімі биылғы жылдың 28 тамызына дейін жарияланады.
Бағдарламаға қатысты қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірлер арқылы жауап алуға болады: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31.
Фото: egemen.kz