Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда мемлекеттік субсидия есебінен ауылдарда су тарифін төмендету көзделген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылға жоспарланған қаржыландыру мөлшері туралы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, биыл республикалық бюджеттен аса маңызды 65 топтық және 871 жергілікті сумен жабдықтау жүйелерін субсидиялау үшін 15,7 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Нәтижесінде, ауыл халқы арзандатылған бағамен судың бір текше метр үшін 30-40 теңге төлейтін болады.
Министрлік ақпаратына сүйенсек, Су кодексіне сәйкес мемлекет аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру қызметтерінің құнын ішінара субсидиялайды.