Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында жемқорлық 23,2%-ке өскен.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 725 қылмыстық іс тергеумен аяқталды. Шығын 6,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 23,2%-ке артық. Өз еркімен қайтарылған және тәркіленген сома 4,6 млрд теңгеге жетті.
Ең көп үлес ауыр қылмыстарға тиесілі. Бұл жағдайда шығын 5,6 млрд теңгені құрады. Аса ауыр қылмыс бойынша 180 млн теңгеге зиян келді. Сондай-ақ 411,9 млрд теңге және 20,2 млрд теңгеге орташа қылмыс түрі анықталды.
Бөтен мүлікті иемдену бойынша 464,5 млрд теңге болса, алаяқтар азаматтарды 100,5 млрд теңгеге алдады.
Мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлық ісі бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері – 90 адам, әкімшілік қызметкерлері – 80 адам және қаржы министрлігінен 28 адам сотқа тартылды.