Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет қаулысымен жастарға арналған "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты бекітілді.
Жаңа гранттар 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастарға беріледі.
"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының мақсаты – талантты жастарға, олардың инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелеріне қолдау көрсету, жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыруға жәрдемдесу, жастар арасында шығармашылық қызметті танымал ету", - делінген құжатта.
Грант конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.
Өтінімде:
Грант жеңіп алған адам үш айда бір рет жобаның іске асырылу барысы туралы уәкілетті органға есеп ұсынады. Уәкілетті орган күнтізбелік бір жыл ішінде грант қаржысының мақсатты пайдаланылуын қадағалайды.
Егер жеңімпаз грантты мақсатты түрде пайдаланбаса, уәкілетті орган одан грант ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы. Грант алушы қаражатты уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қайтаруға тиіс. Белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, олар заңнамаға сәйкес өндіріп алынады.
Грант қаражаты қандай жағдайда қайтарылмайды:
Грант санын жыл сайын Қазақстан үкіметі белгілейді.
Құжат 2021 жылдың 20 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Дереккөз: Sputnik.kz
Тағы көру