Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 2021 жылы туризм саласында жүздеген миллиард теңгеге инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы хабарлады.
Мәліметке сүйенсек, биыл 454,5 млрд теңгені құрайтын 57 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде қонақүй, демалыс кешендері, емдеу-сауықтыру орталықтарын ашу қарастырылған. Жобаларды жүзеге асыру барысында 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.
Сондай-ақ, мамандар Бурабай курорттық аймағы, елордадағы оңалту орталықтары, Қазақстанның оңтүстігіндегі демалыс орындары мен емдеу-сауықтыру орталықтары және Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының ыстық су көздері жоғары сұранысқа ие болатындығын атап өтті.