Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде тұтынушылық несие көлемі 4,4 трлн теңгеге жетті.
Ұлттық Банк дерегіне сүйенсек, 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тұтыну қарыздарының сомасы 4,27 трлн теңгені құрады. Ал 2021 жылдың наурыз айында бұл сома 4,44 трлн теңгеге жетті. Нәтижесінде, бір жыл ішінде 4%-ке немесе 168 млрд теңгеге өскен.
Несие рәсімдеу бойынша алматылықтар бірінші орында. Қарыз сомасы 1,2 трлн теңгені құрады. Одан кейін елорда тұрғындары 433 млрд теңге болса, Шымкентте 345 млрд теңгеге несие алынған. Сондай-ақ, Қарағанды облысында тұтынушылық несие көлемі 308 млрд теңгеден 324 млрд теңгеге дейін өссе, ШҚО-да 255 млрд теңгені құрады.
Ең аз қарыз Түркістан облысында – 128,8 млрд теңгеге, Ақмола облысында – 97,7 млрд теңгеге және Солтүстік Қазақстан облысында – 63,7 млрд теңгеге рәсімделді.
Тағы көру