485.34
564.45
6.53
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы соңғы бес жылдағы ең жоғары деңгейге жетті
Жаңалықтар

Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы соңғы бес жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

04.06.2026
мин
0
71
Сурет: Ақмешіт жастары

Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейі соңғы бес жылда ең жоғары көрсеткішке жетті. Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы жасөспірімдер тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай өсіп, сотталғандар мен қылмыстық іс бойынша тіркелгендердің саны көбейген, —деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, еліміздегі ювеналды әділет жүйесі ересектерге қолданылатын қылмыстық жауапкершілік жүйесінен айтарлықтай ерекшеленеді. Кәмелетке толмағандарға қатысты істерде жазадан гөрі тәрбиелік ықпал ету шаралары жиі қолданылады.

Статистикаға сәйкес, заң бұзған жасөспірімдердің шамамен 20 пайызы ғана бас бостандығынан айырылады.

2025 жылы құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген кәмелетке толмағандар саны 2,5 мың адамға жетіп, бұл көрсеткіш соңғы бес жылдағы ең жоғары деңгей ретінде тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 30,5 пайызды құраған.

Биылғы жылдың алғашқы төрт айында 665 жасөспірім құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Олардың елеулі бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыс санаттарына қатысты күдікке алынған.

Өткен жылы сот қарауына түскен 1,3 мыңнан астам істің 564-і тоқтатылып, бір бөлігі қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Мұндай істер бойынша көбіне ескерту беру, пробациялық бақылау орнату немесе арнайы тәрбиелік мекемелерге жіберу сияқты шаралар қолданылған.

Соған қарамастан, сотталған жасөспірімдер саны өсім көрсеткен. 2025 жылы 753 кәмелетке толмағанға қатысты айыптау үкімі шығарылып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20,3 пайызға жоғары болған.

Сотталғандардың басым бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған. Олардың арасында кісі өлтіру, зорлық-зомбылық және есірткіге қатысты қылмыстар бар.

Жаза түрлеріне келсек, 40 пайыздан астамына бас бостандығын шектеу тағайындалса, 15 пайыздан астамы шартты жаза алған. Ал 22 пайызға жуығы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Өткен жылы 166 жасөспірім түрмеге жіберілген. Олардың ішінде 97-сі ұзақ мерзімді — 5 жылдан 10 жылға дейінгі жаза алған.

Статистикалық деректерге сәйкес, қылмыс жасағандардың басым бөлігі 16–18 жас аралығындағы ұл балалар. Көпшілігі мектеп немесе колледж студенттері болған.

Сонымен қатар, құқық бұзушылардың едәуір бөлігі толық отбасында тәрбиеленген. Жетім балалар мен интернат тәрбиеленушілерінің үлесі өте төмен деңгейде тіркелген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл