Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша несие беру ережелері өзгерді
Жаңалықтар

Қазақстанда жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша несие беру ережелері өзгерді

27.06.2022
1 мин
3
2699

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі міндетті сақтандыру шарттары бойынша несие беру ережелеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

2022 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасы «Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі №274 қаулысына өзгерістер қабылдады.  
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомствода атап өтілгендей, өзгерістер сақтандыру ұйымына өз клиенттеріне Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша несие беруге тыйым салуды көздейді.

Сақтандыру ұйымының клиенттен жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша несие алуы үшін артық құжаттарды талап етуіне жол бермеу үшін қажетті құжаттар тізімі нақты анықталған.  
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Агенттіктің мәліметінше, бұл өзгерістер сақтандыру ұйымдарының өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша қарыздар беруі кезінде сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыруға ықпал етеді.

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7847 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Д
Дана 27.06.2022
Мүмкін емес
Жауап беру
Ж
Жайна. 27.06.2022
Тамақтан артылмайды,6 балам бар.қазір бәрі қымбат темболее.
Жауап беру
М
Макпал 28.06.2022
Дурыс айтасыз. Кымбатшылык
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл