Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жоғалған затты тапқан адам жазалана ма? ІІМ түсіндірме берді
Жаңалықтар

Қазақстанда жоғалған затты тапқан адам жазалана ма? ІІМ түсіндірме берді

03.02.2025
1 мин
0
269
Сурет: vitbichi

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда жоғалған заттарды тауып алған адамдарды жазаға тарту мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Таратылған хабарламаға сәйкес, көшеде немесе қоғамдық орында ақша, әмиян, ұялы телефон тауып алған адам оқиғаның орнын видеоға түсіріп, кейін полицияға хабарласып, олардың келуін күтуі қажет. Егер ол мұны жасамаса, жоғалған ақшаны иемденген адамға “ұрлық” бабы бойынша айып тағылуы мүмкін екені айтылған, – деп хабарлайды Dauletten.kz StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 “Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы” қолданыстағы нормативтік қаулысының 2-тармағына сәйкес, кездейсоқ табылған немесе кінәлі адамның қолына түскен бөтен мүлікті иеленіп алу бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ретінде қарастырылмайды. Осыған байланысты, әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – делінген ІІМ-нің ресми жауабында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл