Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қалалық Полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек көлік иелеріне жазғы дөңгелек үшін айыппұл қашан салына бастайтынын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Брифинг барысында 1 желтоқсанға дейін барлық көлік иесі көлігін қысқа дайындауы керектігі айтылды.
"Заңға сай, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері көліктерінің қысқы доңғалақтарының болуын қадағалап отыруға тиіс. Олай болмаса, полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, бұзушылықтар жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі.
Ол ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болатынын айтты. Жүргізуші бір жылда қайталап тәртіп бұзса, айыппұл 10 АЕК (34 500 теңге) болады.