Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық әнші
Жаңалықтар

Қазақстандық әнші "Славян базары 2025" байқауының жеңімпазы атанды

14.07.2025
1 мин
0
167
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева "Славян базары 2025" байқауында Гран-при иегері атанды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2025 жылғы 10–13 шілде аралығында Беларусьтің Витебск қаласында өткен "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Ол байқау қорытындысы бойынша 137 ұпай жинады.

Финалда Алмагүл тыңдарманның жүрегін "Вечность" әнімен жаулап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Әнші Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның әртісі. Байқау барысында ол күрделі вокалдық техника талап ететін әлемдік және ресейлік хиттерді орындап, кәсіби шеберлігі мен сахнадағы тартымдылығымен ерекшеленді.

Байқау нәтижесі:

•    Гран-при – Алмагүл Батталиева (Қазақстан)

•    1-орын – Валерия Бернатович (Беларусь)

•  2-орын – Давид Киракосян (Армения) және Доменико Барбера (Италия)

•  3-орын – Эрик Ахметов (Ресей) және Рыскелді Сарбеков (Қырғызстан)

Алмагүл Батталиева — Алматы қаласының тумасы. Ол П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің түлегі. Вокалдан бөлек, бірнеше музыкалық аспапты еркін меңгерген. Бұған дейін де ол "Жас Қанат – 2023", "Алматым жүрегімде" сынды байқауларда топ жарған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл