Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық шабандоздар Ташкенттегі халықаралық жарыстан жүлделі оралды
Жаңалықтар

Қазақстандық шабандоздар Ташкенттегі халықаралық жарыстан жүлделі оралды

29.04.2025
мин
0
276
Сурет: ҚР Ат спорты федерациясының баспасөз қызметі

17–27 сәуір аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында конкур спортынан Әлем кубогының кезеңдері мен Maxima Masters Eurasia командалық турнирі өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Халықаралық жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 спортшы қатысты.

Қазақстан атынан сайысқа 6 шабандоз қатысып, бірқатар жүлделі орынға ие болды.

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық спортшылар төмендегідей жетістіктерге жетті:

  • Ксения Баталова – 120 см – 2-орын, 160 см – 2-орын, 140 см – 2-орын;
  • Олег Соколенко – 125 см – 2 және 4-орын, 125 см – 5-орын, 130 см (командалық) – 3-орын;
  • Нурила Турисбекова – 145 см – 4-орын, 130 см – 3-орын, 130 см (командалық) – 3-орын, 130 см – 2-орын;
  • Дайана Онаева – 130 см – 4-орын, 130 см (командалық) – 3-орын;
  • Бекжан Байжанұлы – 130 см – 2-орын, 130 см (командалық) – 3-орын.

Конкур – шабандоз бен аттың түрлі кедергілерден өту шеберлігін сынайтын, олимпиадалық ат спорты түрі.

Ташкенттегі бұл кезең Еуразиялық лига күнтізбесіне енген, халықаралық маңызы бар дода ретінде саналатын сайыстардың бірі. Қазақстандық шабандоздардың бұл жолғы нәтижесі елдің ат спортындағы әлеуетін тағы бір мәрте көрсетіп берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл