| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сенатта қаралған түзетулер қабылданса, қазақстандықтар жұмыс орны мен жалақысын сақтай отырып, ұзақ мерзімді білім алу демалысына шыға алады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сенатта талқыланған жаңа түзетулерге сәйкес, кейбір қазақстандықтарға 6 айға дейін ақылы білім алу демалысын беру ұсынылып отыр. Бұл кезеңде қызметкердің жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы толық сақталады.
Жаңа нормалар ғылыми зерттеу жүргізуге, диссертация жазып қорғауға, кәсіби даярлықтан өтуге, білімін жалғастыруға және әскери резерв бағдарламаларын аяқтауға арналған демалыстарды қамтиды.
Бұған дейін мұндай мүмкіндік негізінен емтихан тапсыру немесе зертханалық жұмыстарға қатысу үшін ғана беріліп келген.
Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алып жүрген қызметкерлердің жұмыс орны міндетті түрде сақталады. Алайда жалақы төлеу мәселесін жұмыс беруші өзі шешеді.
Түзетулерде білім алу демалысын тараптардың келісімімен бөліп пайдалану мүмкіндігі де қарастырылған