Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар бір айдың ішінде VIP нөмірге 5,9 млрд теңге жұмсаған
Жаңалықтар

Қазақстандықтар бір айдың ішінде VIP нөмірге 5,9 млрд теңге жұмсаған

26.02.2026
мин
0
44
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстандықтар бір айдың ішінде VIP нөмірге 5,9 млрд теңге жұмсаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елімізде көлік нөмірін өз қалауынша таңдау мүмкіндігі бюджетке айтарлықтай табыс әкелді. Бір айдың өзінде "ерекше" нөмірлерді сатудан қазынаға шамамен 5,9 миллиард теңге түскен. Ішкі істер органдарының дерегіне сәйкес, алғашқы айда 144 мыңнан астам өтініш қабылданып, соның 137 мыңына таңдаулы нөмір рәсімделген.

Айта кету керек, мұндай нөмірдің құны 10 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни шамамен 43 мың теңгені құрайды. Қаңтар айынан бастап сұраныстың артуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көбейіп, айтарлықтай қызығушылық байқалған. Кейін жүргізушілерге қолайлы болу үшін өтінімді мобильді қосымша арқылы беру мүмкіндігі іске қосылды.

Ал сіз "ерекше" нөмір сатып алдыңыз ба?

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл