Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар Илон Маск компаниясының интернетін енді заңды түрде қолдана алады
Жаңалықтар

Қазақстандықтар Илон Маск компаниясының интернетін енді заңды түрде қолдана алады

12.06.2025
1 мин
0
149
Сурет: obob.tv

Қазақстанда Илон Масктың компаниясына тиесілі спутниктік интернет қызметі заңды түрде қолжетімді болады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink (SpaceX компаниясының еншілес құрылымы) Қазақстан аумағында спутниктік интернетті ресми іске қосу туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрліктің мәліметінше, SpaceX-тің еншілес компаниясы Starlink 2025 жылдың үшінші тоқсанынан бастап Қазақстан тұрғындарына спутниктік терминалдарды сатуды бастайды.

- Бұл бастама еліміздің шалғай және инфрақұрылымы нашар аудандарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болады, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Starlink технологиясы талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту экономикалық немесе техникалық тұрғыдан тиімсіз өңірлерде сапалы интернетпен қамтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Starlink Қазақстанда пилоттық режимде жұмыс істеп, тек мектептерге интернет ұсынып келген. Жеке тұлғалар үшін бұл қызмет ресми түрде қолжетімді болмаған. Енді компания ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы заң талаптарының барлығын орындауға міндеттеліп, тиісті келісімге қол жеткізілді.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің айтуынша, биыл қажетті техникалық және әкімшілік жұмыстар атқарылады. Осылайша, Қазақстан азаматтары спутниктік интернетті заңды түрде сатып алып, орнатып және пайдалануға мүмкіндік алады.

Starlink қызметіне қосылу арнайы пайдаланушы құрылғылары – спутниктік терминалдар арқылы жүзеге асады. Енді қазақстандықтар бұл құрылғыларды заң аясында сатып алып, тіркей алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл