Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржылық мониторинг агенттігі 2024 жылы дропперлер арқылы ақшаны жылыстату фактілерін анықтау нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Агенттіктің мәліметінше, мұндай карталардың 90 пайыздан астам иелері резидент емес тұлғалар болған. Бұл тұлғаларға қатысты ақпарат шетелдік құқық қорғау органдарына жолданған.
- Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін 6,2 мың “дроп-картаның” пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы жалпы айналым 24 миллиард теңгеге жеткен, – делінген хабарламада.
Интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында кәсіби жылыстаушылар үшінші тұлғаларға тіркелген SIM-карталарды қолданған.
- Дроп-карталар көбінесе есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге арналған схемаларда пайдаланылған, – деп нақтылады агенттік.
Іс жүзінде “дроптар” деп аталғандар көбінесе халықтың осал топтарына жататын адамдар болды (жұмыссыздар, студенттер, зейнеткерлер және тағы басқалар). Олар қылмыстық схемалардағы әрекеттерінің толық салдарын түсінбеген. Мұндай жағдайларда барлық байланыстарды үзіп, құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.