Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде несие бойынша мерзімі өткен берешек бір жыл ішінде 334 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Ұлттық Банк мәліметіне сүйенсек, 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша несие бойынша мерзімі өткен қарыз 650,6 млрд теңгені құрады. Ал 2020 жылдың ұқсас күнінде бұл көрсеткіш 984,5 млрд теңге (-34% немесе 334 млрд теңгеге) деңгейінде болды. Оның ішінде жеке тұлғаларға 303,5 млрд теңге (-12,6%), заңды тұлғаларға – 347,1 млрд теңге (-45,5%) тиесілі.
Несиелердің ең көп үлесі ұлттық валютада алынған. Қарыз мөлшері 561 млрд теңгеге жуық.
Өңірлер бойынша 650,6 млрд теңгенің негізгі қарыз көлемі бұрынғысынша Алматыда – 316,6 млрд теңге және Нұр-Сұлтанда – 82 млрд теңгеге жуық. Одан кейін Атырау облысы – 31 млрд теңгеден астам, Шымкент – 28,8 млрд теңге, ШҚО – 27,3 млрд теңге және Қарағанды облысы – 25 млрд теңгеден асты.
Сондай-ақ несие бойынша ең аз қарыз Қызылорда облысында – 9,9 млрд теңге, СҚО-да – 4,1 млрд теңге және Түркістан облысында – 2,8 млрд теңге.
Тағы көру