Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылар мен төлемдерге 496 млрд теңгеге жуық қаражат төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Республикалық бюджеттен осы мақсатқа 436,1 млрд теңге, ал Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) қосымша 59,8 млрд теңге бөлінген.
• 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігі үшін жәрдемақы алушылар саны – 543,7 мың адам.
• Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылар – 184,1 мың адам.
• Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем алушылар – 97 мың адам.
• Асыраушысынан айырылу төлемін алушылар – 65,9 мың отбасы.
Жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына, себебіне және асырауындағы адамдар санына қарай есептеледі. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты барлық әлеуметтік төлемдер 6,5%-ға артты.
Мәселен мүгедектігі бойынша жәрдемақы:
• 1-топ үшін – 101 702 теңге,
• 2-топ үшін – 81 362 теңге,
• 3-топ үшін – 55 474 теңге.
Ал МӘСҚ-дан төленетін орташа төлем мөлшері:
• еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша – 71 468 теңге,
• асыраушысынан айырылу бойынша – 74 460 теңге.