Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтарға eGov Mobile қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Соңғы бес жылда қолданушылар саны алты есеге өсіп, 11 миллионнан асуына байланысты қосымша толық жаңартылды.
Негізгі өзгерістер:
• Интеллектуалды іздеу және eGov AI виртуалды көмекшісі– сұраққа чат-форматта жауап беріп, қажетті қызметке бағыттайды.
• Цифрлық құжаттар бөлімі– жеке куәлік, паспорт және өзге де құжаттар басты беттен қолжетімді.
• Өмірлік жағдайлар каталогы– жүргізуші куәлігін алу, емханаға тіркелу сияқты қызметтер бойынша қадамдық нұсқаулық.
• Жаңартылған интерфейс және навигация– танымал сервистер басты бетте, қызметтер реттелген тізімде беріледі.
• Қауіпсіздік күшейтілді– жеке деректерді қорғау мен сыртқы қауіптерге төзімділік артты.
Бұл жаңартулар мемлекеттік қызметтерді жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз алуға мүмкіндік береді.