Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысында 3,3 млрд теңгені құрайтын төрт өндіріс іске қосылды.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, жаңа жобалар 2021 жылдың І жартыжылдығында жүзеге асырылды. Жобаларға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3,3 млрд теңгені құрайды.
Кентаудағы арнайы экономикалық аймақта 1,2 млрд теңгеге темір-бетон бұйымдарының өндірісі ашылды. «Түркістан» индустриялық аймағында жол-құрылыс материалдарын шығаратын зауыт іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға 1,1 млрд теңге жұмсалды. Жұмыспен 214 адам қамтылды.
Ал Ордабасы ауданында жеміс, көкөніс және жидек өңдеу кешені іске қосылды. Бұл жобаға салынған инвестиция көлемі 824 млн теңгені құрады.
Шардара ауданында түйіршіктелген жем өндірісі жолға қойылды. Инвестиция – 200 млн теңге. Жалпы, жаңа өндірістік нысанын ашу есебінен 300-ге жуық жұмыс орны ашылды.